Шетелдік студенттерге арналған «Өз эмоциямды танимын, ортаға бейімделемін» атты психологиялық тренинг өтті

Шетелдік студенттерге арналған «Өз эмоциямды танимын, ортаға бейімделемін» атты психологиялық тренинг өтті

2026 жылғы 11 қарашада Психологиялық қолдау қызметі Foundation факультетінің студенттеріне арналған «Өз эмоциямды танимын, ортаға бейімделемін» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Тренингтің негізгі мақсаты – шетелдік студенттердің жаңа білім беру және әлеуметтік ортаға бейімделуіне ықпал ету, эмоционалдық жағдайын түсіну дағдыларын дамыту, тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру және студенттік топта жағымды психологиялық ахуал орнатуға көмектесу.

Тренинг барысында қатысушылар эмоционалдық сананы қалыптастыруға, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған бірқатар интерактивті, ойын және шығармашылық жаттығуларға қатысты. Атап айтқанда, «Менің жиі кездесетін эмоцияларым» жаттығуы аясында студенттер өздерінің эмоционалдық жағдайына назар аударып, сезімдерін тану және білдіру мүмкіндігіне ие болды.

«Импульс» атты топтық ойын ерекше қызығушылық тудырды. Аталған ойын студенттердің өзара әрекеттесу, бір-бірін түсіну және бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталды. Ал «Суретті жалғастыр» шығармашылық жаттығуы барысында қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, ашықтығы мен ынтымақтастыққа деген даярлығын көрсетті. Тренингтің қорытынды кезеңіндегі «Комплимент» ойыны жағымды қарым-қатынас орнатуға, айналасындағы адамдардың жақсы қасиеттерін байқауға және бір-біріне ізгі ниет білдіруге бағытталды.

Тренинг барысында студенттік өмірге бейімделу үдерісінде өзара қолдау көрсетудің, сыйластыққа негізделген қарым-қатынастың және эмоционалдық саулықтың маңыздылығы да талқыланды.

Тренинг қорытындысы бойынша қатысушылар өз эмоцияларын жақсырақ түсінуге, жеке қабілеттерін көрсетуге, топтастарымен өзара қарым-қатынас орнатуға және ұжымда жайлы әрі қолайлы психологиялық ахуал қалыптастырудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік алды.

Тренингке университетіміздің Foundation факультетінен 30-ға жуық студент қатысты.

Психологиялық қолдау қызметі

Артқа қайту