"Толық адам" танымдық-философиялық клубының кездесуі өтті

"Толық адам" танымдық-философиялық клубының кездесуі өтті

6.11. 2026ж. Абай атындағы ҚазҰПУ Гуманитарлық ғылымдар кафедрасы оқытушыларының қатысуымен Философия мамандығының 1 және 4-курс студенттерінің және«Толық адам» танымдық-философиялық клубының аясында  «Сен де бір кірпіш дүниеге...» тақырыбында сұхбат-кездесу өтті. 

Студенттер философия мамандығын кәсіби тұрғыда меңгерудің маңызы, оның заманауи қоғамдағы орны, кәсіби қажеттілігі мен өзектілігі туралы көзқарастарын ортаға салып, пікір алмасты. Пікір алмасу барысында студенттер, Философия пәні студенттерге дайын қағидаларды қабылдай салмай, құбылыстардың түпкі төркініне үңілуге, өз бетінше сыни ойлауға, терең пайымдау жасауға жол ашатынына назар аударды. Заманауи сын-қатерлер – сана, тұлға болмысы сияқты классикалық философиялық сұрақтарды қайта өзектендіргенін, маман ретінде философияны меңгеру осы жаңа заман туындатқан этикалық дилеммаларды шешуге көмектесерін айтты.

Сонымен қатар студенттер философия мамандығының бүгінгі күн талабына сай аналитикалық, сараптамалық және коммуникативті салаларда да сұранысқа ие мамандық екенін атап өтті.

       

Артқа қайту