Студенттерді Global Sustainability Challenge 2026–2027 халықаралық байқауына қатысуға шақырамыз!

Студенттерді Global Sustainability Challenge 2026–2027 халықаралық байқауына қатысуға шақырамыз!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Nazarbayev University-мен бірлесіп, АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің Тұрақты даму жөніндегі Дорр мектебінің (Stanford Doerr School of Sustainability) бастамасымен ұйымдастырылатын Global Sustainability Challenge 2026–2027 халықаралық байқауының басталғанын хабарлайды.

Байқаудың негізгі мақсаты – студенттерді жаһандық тұрақты даму мәселелерін шешуге бағытталған практикалық жобалар мен инновациялық шешімдерді әзірлеуге ынталандыру.

Байқаудың екінші маусымы екі негізгі бағыт бойынша өткізіледі:

· Тұрақты энергетика (Sustainable Energy) – таза энергияны өндіру, сақтау және тарату саласындағы тиімді шешімдерді әзірлеу.

· Бейімделу және төзімділік (Adaptation & Resilience) – су және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ аптап ыстық пен климаттық тәуекелдерге төзімділікті арттыруға бағытталған шешімдерді әзірлеу.

Қатысушылар: барлық мамандықтар бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері.

Жобалар жеке немесе командалық форматта ұсынылуы мүмкін (1–6 қатысушыдан тұратын командалар). Байқаудың жұмыс тілі – ағылшын тілі.

Жүлде қоры 35 000 АҚШ долларынан асады! Сонымен қатар, үздік командаларға Стэнфорд университетінде өтетін EcoGlobal Intensive бағдарламасы аясында тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі.

Жобаларды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 22 қараша.

Байқауға қатысу шарттары мен тіркелу туралы толық ақпаратты ресми сайттан білуге болады: https://www.globalsustainabilitychallenge.org

Барлық студенттерді осы халықаралық бастамаға белсенді қатысуға, өздерінің зерттеушілік және инновациялық әлеуетін көрсетуге және тұрақты болашақты қалыптастыруға үлес қосуға шақырамыз!

Жаһандық өзгерістердің бір бөлігі болыңыз!

Артқа қайту