АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ ETS-ТЕ (АҚШ) БІЛІМ БЕРУДІ БАҒАЛАУ САЛАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУДЕ. ПРИНСТОН, НЬЮ-ДЖЕРСИ ШТАТЫ, АҚШ

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ ETS-ТЕ (АҚШ) БІЛІМ БЕРУДІ БАҒАЛАУ САЛАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУДЕ. ПРИНСТОН, НЬЮ-ДЖЕРСИ ШТАТЫ, АҚШ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология факультетінің оқытушысы — PhD, қауымдастырылған профессор (доцент) Гүлжайна К. Қасымова «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасы аясында АҚШ-тың Принстон қаласындағы Educational Testing Service (ETS) халықаралық ұйымында кәсіби тағылымдамадан өтуде. Аталған бағдарламада Абай университетінің өкілі ретінде Г.К. Қасымова басқа да қазақстандық ұйымдардың ғалымдарымен бірлесіп, білім беруді бағалау, тестілеу,педагогикалық өлшемдер және бағалау зерттеулері саласындағы құзыреттіліктерін жетілдіруде.

ETS өкілі Эстер Тесар бұл бастаманың Қазақстан үшін де, ETS үшін де маңыздылығын атап өтіп, бағалаудың жаңа тәсілдерін әзірлеу және қазақстандық ғалымдардың кәсіби әлеуетін нығайту қажеттігіне тоқталды.Бағдарлама мамандандырылған оқыту мен жеке тәлімгерлікті ұштастырады. Шон Руис Диас, Терран Браун, Эстер Тесар, Усама Али, Гуанмин Лин, Келвин Уильямс, Кристина Шольц және Серена Антон өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісуде. Сондай-ақ әрбір тағылымдамадан өтуші тағайындалған тәлімгерлермен бірге арнайы зерттеу және кәсіби міндеттер бойынша жұмыс істейді.

Г.К. Қасымова алған білімін Абай университетіндегі алдағы оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметінде қолданып, халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға үлес қосуды жоспарлап отыр.Тағылымдаманың маңыздылығын атап өткен ол: «Қазақстандық ғалымдарға ETS сияқты жетекші халықаралық ұйымдарда білім алуға мүмкіндік берген еліме шынайы алғысымды білдіремін. Күнделікті сабақтар, кәсіби пікірталастар және жеке тәлімгерлік бізге білім беруді бағалау мен ғылыми зерттеулер саласындағы маңызды құзыреттіліктерді дамытуға мүмкіндік береді. Халықаралық академиялық ұтқырлықтың басты құндылығы — алынған білімді Қазақстанның білімі мен ғылымын дамытуға қолдануда деп кәміл сенемін», — деді.

Бұл тағылымдама ғалымдарды дамытуға инвестиция салудың және халықаралық тәжірибені Қазақстанның білім беру мен ғылыми тәжірибесіне интеграциялаудың маңыздылығын көрсетеді.

Артқа қайту