09.11.2026
Жаратылыстану және география факультеті, география және экология кафедрасының қауымдастырылған професоры б.ғ.к. Акмуллаева А.С., магистр оқытушы Балтере Д.Т. «Экологиялық мониторинг» пәнінен «Экология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерімен ашық сабақ өткізді.
6 қараша 2026 жылы Жаратылыстану және география факультеті, география және экология кафедрасының қауымдастырылған професоры б.ғ.к. Акмуллаева А.С., магистр оқытушы Балтере Д.Т. «Экологиялық мониторинг» пәнінен «Экология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерімен ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ тақырыбы: «Атмосфералық ауа сапасын бақылау құрылғыларының жұмыс жасау принципімен танысу».
Парактикалық сабақ мақсаты: студенттерге атмасфералық ауа сапасын бақылаудың маңыздылығын түсіндіру, ауа құрамындағы ластаушы заттарды анықтауға арналған заманауи мониторинг құрылғыларының құрылымы мен жұмыс жасау принциптерімен таныстыру және далалық жағдайда практикалық өлшеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру.
Әдістері: көрсету, түсіндіру, практикалық өлшеу, салыстырмалы талдау, сұрақ-жауап.
Далалық жағдайда атмосфералық ауа құрамындағы зиянды химиялық заттарды анықтауға арналған газ анализатор «Ганк-4» құрылғысымен және «Элиос» қоршаған ортадағы ауа және су құрамындағы ластаушы заттарды анықтайтын экспресс зертханасын қолдана отырып жұмыс жасалды. Сонымен қатар атмосферадағы ауа сапасын бақылау бойынша акт толтыру ережелерімен танысты.
Сабақ соңында атмосфералық ауа сапасын бақылау құрылғыларының жұмыс жасау принциптерімен толық танысып, тәжірибе жүзінде зерттеу жұмыстарын жүргізілді.