03.11.2026
Т.С. Садықов атындағы кафедрада ашық дәріс сабағы өтті
2026 жылдың 3 қарашасы күні Т.С. Садықов атындағы Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Адилова Фарида Ауелханқызының ашық дәріс сабағы өтті.
Оқу үдерісінің жоспарына сай ұйымдастырылған бұл сабақ Жамбыл көшесі, 25 мекенжайындағы оқу ғимаратының №806 аудиториясында, сағат 09:00-де басталды. Дәріске «Тарих-дінтану (ТМ)» мамандығының 6В01601 - 302 тобы қатысты.
Ашық сабақ «Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы» пәні бойынша «Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы» тақырыбына арналды. Дәріс барысында тақырыптың негізгі мәселелері терең талданып, студенттерге құнды тарихи деректер ұсынылды.
Маңызды іс-шараға кафедра меңгерушісі және профессор-оқытушылар құрамы қатысып, сабақтың әдістемелік деңгейі мен өзектілігіне жоғары баға берді.