IV Қазақстандық философиялық конгресс

IV Қазақстандық философиялық конгресс

2026 жылғы 7 қарашада, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өкілдері ҚР БжЖҒ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтында өткен IV Қазақстандық философиялық конгреске қатысты.

Конгрестің тақырыбы: «Қазақстан қоғамының философиясы: құндылықтық бағдарлар және даму перспективалары».

Конгресс отандық ғылыми және академиялық қауымдастық өкілдерін біріктіріп, қазақстандық қоғамның құндылықтық негіздері, ұлттық бірегейлік, рухани мұра және философиялық ойдың даму перспективалары жөніндегі өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Іс-шара ғылыми пікір алмасуға, зерттеу тәжірибесімен бөлісуге және академиялық ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды алаңға айналды.

Осындай маңызды ғылыми алаңда Абай атындағы ҚазҰПУ атынан өкілдік ету — біз үшін үлкен мәртебе!

#АбайУниверситеті #ҚазҰПУ #Философия #ҚазақстандықФилософиялықКонгресс #Ғылым #АкадемиялықҚауымдастық


Артқа қайту