06.11.2026
ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМ ШЕБЕРЛІК ДӘРІСІН ОҚЫДЫ
Бүгін Абай университетінде профессор Шарлин Кханның студенттерге арналған ашық дәрісі өтті. Оңтүстік Африка Республикасының Витватерсранд университетінде қызмет ететін маман өз өмірін мысалға келтіріп, қиындықтарды мүмкіндікке айналдыру тақырыбында сөйледі.
Жастарды белсенді болуға, қиындықтарға мойынсұнбауға, табандылыққа баулуға арналған шеберлік дәрісінің мақсаты – саналы ғұмырда кездесетін сан түрлі кедергілерді жаңа мүмкіндікке айналдыру. Әсіресе дарынды, шығармашыл студенттер осы әдісті әдетке айналдырса үлкен жетістіктерге жол ашылуы ықтимал. «Үйрен де жирен» деген ұстаныммен қоса, шетелдік тәжірибені қоса меңгерту.
Дәріс барысында шығармашылық зерттеудің ерекшеліктері, өнердің қоғамдық мәселелерді зерделеудегі рөлі және жеке тәжірибенің ғылыми ізденіске негіз бола алатыны туарлы айтылды.
Автор өзінің өмірлік тәжірибесі мен шығармашылық жұмыстары арқылы отаршылдық, әлеуметтік теңсіздік, нәсілдік кемсітушілік және әйелдер құқығы мәселелерін көтереді. Сонымен қатар жеке адамның өмір тарихын өнер арқылы жеткізіп, қоғамда елеусіз қалған оқиғаларға назар аударуды және өзіндік көзқарасты қалыптастырудың маңызын кестелейді.
Аталған дәрістің маңызы жоғары. Себебі, білім алушылардың шығармашылық зерттеуінде кездесетін қиындықтар мен кедергілерді жаңа идеялар мен тың мүмкіндіктердің қайнар көзі ретінде қарастыруға шақырады. Өнер тек шығармашылық туынды ғана емес, жаңа ілім қалыптастыруға, қоғамдық мәселелерді танытуға және тұлға тәжірибесін зерттеуге мүмкіндік беретін маңызды құрал екені түсіндірілді.
Кездесу соңында спикер аудиториямен пікір алмасып, қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді. Айта кетейік, шетелдік ғалымдармен кездесу алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
«Abai University» медиа орталығы