AI-SANA БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

AI-SANA БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

Бүгін Абай университететінде AI-SANA бағдарламасын ілгерілету бойынша куратор-эдвайзерлер мен студентттер кездесуі өтті. Жиында студенттерді нақты ЖИ өнімдерін жасауға бағыттайтын үшінші кезеңге дайындық жұмыстары бастау алды. Екі кезеңдік оқыту курсынан сәтті өткен қатысушылар келесі кезеңде командаларға бөлініп, жаңа стартап жобалар жасауды қолға алмақ. Оның негізгі мақсаты – еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие цифрлық орта қалыптастыру.

AI-SANA мемлекеттік бағдарламасының алғашқы кезеңдері базалық теориялық білім мен дайындық курстарын қамтыған болатын. Бағдарламаның үшінші кезеңі 16 аптаға созылатын интенсивті оқытуға арналады. Яғни, қатысушылар ЖИ құралдарын пайдалану арқылы күрделі инженерлік-технологиялық тапсырмаларды орындайды. Цифрлық жобаға әртүрлі мамандықта оқитын студенттер қатыса алады. Болашақ педагогтар білім беру саласына қатысты жаңаша идеяларын жүзеге асырады.  Оның негізгі алғышарты – авторлық жобаларда міндетті түрде ЖИ құралдары тиімді қолданылуы керек.

Жоба барысында білім алушылар командалық белсенділілік танытып, білім беру саласына қатысты тың идеялар және дамушы орта құруы көзделіп отыр. Аталған бастама арқылы заманауи білім беруді трансформациялау, студенттердің цифрлық сауаттылығы мен жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Бұл студенттердің зерттеушілік, аналитикалық және шығармашылық қабілеттерін ЖИ инновациялық шешімдерімен ұштастыруға бағытталған. Университетте заманауи инфрақұрылымды жетілдіру, цифрлық білім беру ресурстарын кеңейту, практикалық шеберлік курстарын ашу және пайдалы қосымшаларды ойлап табу арқылы бизнес жобаларды нарыққа шығару басты назарға алынуда.

Түрлі мамандықта оқитын білім алушылардың басын қосып, ЖИ-стартаптар әзірленуі отандық білім беру саласына жаңа дем берері сөзсіз. Аталған жоба аясында туатын инновациялық өнімдер университеттің ғылыми-тәжірибелік потенциалын арттырып, нарыққа бәсекеге қабілетті жас мамандарды шығаруға жол ашады.

«Abai Universitу» медиа орталығы

Артқа қайту