05.11.2026
«Студенттердің өзін-өзі бағалауы және тиімді коммуникация орнатуы» тақырыбында психологиялық тренинг өтті
2026 жылғы 4 қарашада Психологиялық қолдау қызметі «Студенттердің өзін-өзі бағалауы және тиімді коммуникация орнатуы» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Тренингтің негізгі мақсаты – студенттердің өзін-өзі бағалау деңгейін арттыру, бойындағы жағымды қасиеттері мен жеке жетістіктерін тануға үйрету, өз күшіне деген сенімділігін нығайту, сондай-ақ тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.
Тренинг барысында студенттер өзін-өзі тануға, жеке қасиеттерін бағалауға және өз мүмкіндіктеріне деген сенімділікті қалыптастыруға бағытталған практикалық жаттығуларға қатысты.
Атап айтқанда, «Менің үш жақсы қасиетім» жаттығуы арқылы қатысушылар өз бойындағы жағымды қасиеттерді анықтап, олардың маңыздылығы туралы ой бөлісті. Ал «Менің жетістіктерім» жаттығуы студенттерге өміріндегі жетістіктерін бағалауға, тіпті шағын жетістіктердің өзі өзіне деген сенімділікті қалыптастырудағы рөлін түсінуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, «Менің қолымнан келеді!» жаттығуы аясында студенттер өздерінің қабілеттері, болашақ мақсаттары мен қиындықтарды еңсеру жолдары туралы ойларын ортаға салды. Бұл тапсырма олардың өз мүмкіндіктеріне сенуіне, ойын еркін жеткізуіне және жағымды өзіндік көзқарасын қалыптастыруына ықпал етті.
Тренингтің қорытынды бөлімінде өзін-өзі бағалаудың тұлғалық дамудағы маңызы, тиімді коммуникация орнату, өзгені тыңдай білу және өзара қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, жаттығулар барысында алған әсерлері мен тұжырымдарын ортаға салды.
Іс-шара студенттердің өзіндік ерекшеліктерін тануына, жеке жетістіктерін бағалауына, өзіне деген сенімділігін арттыруына және топ ішінде өзара сыйластық пен сенімді қарым-қатынас қалыптастыруына бағытталды.
Психологиялық тренингке Математика және физика факультетінің 30-ға жуық 1-курс студенттері қатысты.
Психологиялық қолдау қызметі