АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БОЙЫНША ТҮРКИЯДА ОҚУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БОЙЫНША ТҮРКИЯДА ОҚУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ

Құрметті бакалавриат және магистратура студенттері!

2026–2027 оқу жылының көктемгі семестрінде Түркия университеттерінде оқу үшін сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2 және 3 курс бакалавриат студенттері (көктемгі семестрде педагогикалық тәжірибесі жоқ) және 1 курс магистранттары арасында конкурс жарияланады.

Осыған байланысты академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға ниет білдірген студенттер 2026 жылғы 20 қарашаға дейін төменде көрсетілген қажетті құжаттарды Халықаралық ынтымақтастық департаментінің a.fantanskaya@abaiuniversity.edu.kz  электрондық поштасына жіберулері қажет:

Хат тақырыбында міндетті түрде «Түркия Академиялық ұтқырлық және өз АТӘ» деп көрсету қажет.

•  Түрік тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат (TÖMER B1-B2 төмен емес);

•  Шетелге шығу паспортының түрлі-түсті көшірмесі;

•  ABAI DIGITAL жүйесінен ағымдағы үлгерім транскриптінің электронды нұсқасы (GPA 3,0-ден төмен емес);

•  Whats App телефонының нөмірі.

Барлық сұрақ бойынша Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласыңыз

Достык 13, кабинет 205 (Бас ғимарат)

Артқа қайту