04.11.2026
«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Құқық, құрмет және қауіпсіздік»
2026 жылғы 4 қарашада 6В01308 «Бастауыш білім беру» (IP) білім беру бағдарламасының үш жылдық оқу мерзіміндегі 1-курс студенттері «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Құқық, құрмет және қауіпсіздік» тақырыбында интерактивті тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға және қауіпсіз білім беру ортасын құруға бағытталды.
Кездесу барысында барлық топ мүшелері интерактивті тренингтерге белсенді қатысты. Студенттер буллинг пен психологиялық зорлық-зомбылық мәселелерін талқылап, олардың алдын алу және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын қарастырды. Іс-шара соңында қатысушыларға талқыланған мәселелер бойынша негізгі ақпарат пен ұсыныстар қамтылған жадынамалар таратылды.
Ұйымдастырушы: педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы М. Т. Бекбаева