«Қазақстан – менің мақтанышым, менің болашағым!»

«Қазақстан – менің мақтанышым, менің болашағым!»

2026 жылғы 24 қазанда «Бизнес-инновациялармен бастауыш білім беру» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Қазақстан Республикасының күніне арналған «Қазақстан – менің мақтанышым, менің болашағым!» атты танымдық-шығармашылық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар еліміздің мәдениеті мен жетістіктері туралы танымдарын кеңейтіп, туған елдің тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған тақырыптық тапсырмаларды орындады.

Кездесу студенттердің Отанға деген сүйіспеншілігін нығайтып, еліміздің өткені мен бүгініне мақтаныш сезімін білдіруге мүмкіндік берді.

Ұйымдастырушылар: педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы М. Т. Бекбаева; педагогика ғылымдарының докторы, профессор А. Х. Аренова.

Республика күні құтты болсын!

Артқа қайту