04.11.2026
«ЖАҺАНДАНУ КОНТЕКСІНДЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІ: ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАРЫ» атты халықаралық ғылыми-педагогикалық симпозиум
Құрметті әріптестер, ғалымдар, жас зерттеушілер!
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Педагогика және психология факультеті, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы 2026 жылдың 27 қарашасында отандық әлеуметтік педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосқан көрнекті ғалым, білікті ұстаз, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Исламия Рамазановна Халитованың туғанына 80 жыл толуына орай, ғалымның жарқын рухына тағзым ету мақсатында «ЖАҺАНДАНУ КОНТЕКСІНДЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІ: ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАРЫ» атты халықаралық ғылыми-педагогикалық симпозиум өткізеді.