ҚазҰПУ профессоры халықаралық аударма дидактикасы мектебінде баяндама жасады

ҚазҰПУ профессоры халықаралық аударма дидактикасы мектебінде баяндама жасады

2026 жылғы 4 қарашада Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушысы филология ғылымдарының докторы,  профессор  Жұмабекова Айгүл Қазкенқызы Мәскеу қаласында (Ресей) өткен халықаралық Аударма дидактикасы мектебінде «Қазақстандағы аудармашыларды даярлаудың өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамада аудармашыларды даярлаудың теориялық-әдіснамалық сипаттағы бірқатар өзекті мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, цифрландыру және аудармашылық құзыреттілік құрылымының өзгеруі, аудармашыларды даярлау барысында жасанды интеллектіні қолдану мәселелері, ұлттық тілдің ерекшелігі мен қазақ тілінің цифрлық ресурстарын дамыту проблемалары, сондай-ақ аударма сапасын бағалау кәсіби даярлықтың негізгі мәселесі ретінде талқыланды.

Баяндама қызу талқылауға ұласып, Аударма дидактикасы мектебінің жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Н.Н. Гавриленко бастаған оқытушылар тарапынан оң пікірлерге ие болды.

Артқа қайту