04.11.2026
2026 жылғы 3-4 қарашада Алматы қаласында өтетін Дүниежүзілік ғалым-механиктер мен инженерлер конгресі (WC MSE-2026) аясында ұйымдастырылды
Алматыда кері есептер, математикалық модельдеу және жасанды интеллект мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми конференция өтеді.
Академик Г. Уәлиевтің туғанына 85 жыл толуына арналған конференция 2026 жылғы 3–4 қарашада Алматы қаласында өтетін Дүниежүзілік ғалым-механиктер мен инженерлер конгресі (WC MSE-2026) аясында ұйымдастырылады.
2026 жылғы 4 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде академик Г. Уәлиевтің туғанына 85 жыл толуына арналған «Кері есептер, математикалық модельдеу және жасанды интеллект» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді.
Конференция 2026 жылғы 3-4 қарашада Алматы қаласында өтетін Дүниежүзілік ғалым-механиктер мен инженерлер конгресі (WC MSE-2026) аясында ұйымдастырылады. Іс-шара Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия және Қытай елдерінің ғылыми қауымдастық өкілдерін біріктіріп, қазіргі ғылымның өзекті мәселелерін талқылауға, ғылыми зерттеу нәтижелерімен алмасуға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың даму перспективаларын айқындауға бағытталған.
Конференцияның ұйымдастырушылары – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Математика және физика факультеті» мен «Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті». Сонымен қатар ұйымдастырушылар қатарында Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты, Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің С.Л. Соболев атындағы Математика институты (Ресей), Новосибирск мемлекеттік университеті (Ресей) және «Халықаралық кері есептер қоры» қоғамдық қоры (Қазақстан) бар.
Өздеріңізге белгілі, 2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Жасанды интеллекттің заманауи әдістері деректерді талдауға, болжамдық модельдер құруға және интеллектуалды жүйелерді әзірлеуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Кері есептер мен математикалық модельдеу геофизикада, медицинада, робототехникада, тербелістер теориясында және ғылым мен техниканың басқа да салаларында кеңінен қолданылады.
Конференцияның Дүниежүзілік ғалым-механиктер мен инженерлер конгресі (WC MSE-2026) аясында өткізілуі халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге және ғылымның өзара байланысты салаларында зерттеу жүргізетін ғалымдардың күш-жігерін біріктіруге деген ұмтылысты айқындайды.
Конференция баяндамаларының тақырыптары іргелі және қолданбалы зерттеулердің кең ауқымын қамтиды: диагностика жүргізу мен кері есептерді шешудің математикалық әдістерінен бастап робототехникалық жүйелерге, тербелістер теориясына, математикалық эпидемиологияға және интегралдық теңдеулерге дейінгі өзекті ғылыми бағыттар қарастырылады. Негізгі басымдықтардың қатарында ғылыми зерттеулерді дамыту, азаматтардың цифрлық құзыреттіліктерін арттыру және жаңа технологиялық дәуірдің сын-қатерлеріне жауап бере алатын жоғары білікті мамандарды даярлау міндеттері бар.
«Кері есептер, математикалық модельдеу және жасанды интеллект» атты халықаралық ғылыми конференция әртүрлі ғылыми мектеп өкілдері арасындағы ғылыми диалог алаңына айналып, іргелі зерттеулерді, заманауи есептеу әдістерін және перспективалы технологиялық шешімдерді біріктіруге мүмкіндік береді.
Конференцияның басты мақсаты – кері есептер, математикалық модельдеу және жасанды интеллект салаларындағы өзекті ғылыми мәселелер мен жетістіктерді талқылау, цифрлық технологиялар, робототехника және инженерлік ғылымдардың даму перспективаларын айқындау, сондай-ақ халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту.