2026 жылғы 29 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық
факультетінде, Дене мәдениетінің теориясы мен әдістемесі кафедрасында «2 курс
студенттерінің дене белсенділігі деңгейін зерттеу және оның денсаулық
көрсеткіштерімен байланысы» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді.
Семинарды PhD, аға оқытушы Орынбаева Лаура Каныбековна
ұйымдастырды. Іс-шара барысында студенттер «Миф немесе факт?» тапсырмасы,
топтық зерттеу және «Жас ғалымдар» ғылыми қорғауы арқылы дене белсенділігі,
ұйқы ұзақтығы мен шаршау деңгейі арасындағы ықтимал байланысты талдады.
Семинардың мақсаты – студенттердің зерттеу дағдыларын дамыту,
ғылыми деректерді талдау және зерттеу нәтижелері негізінде қорытынды жасау
қабілеттерін қалыптастыру. Іс-шара студенттердің ғылыми ойлауын, топтық жұмысын
және зерттеу нәтижелерін дәлелді түрде ұсыну дағдыларын жетілдіруге бағытталды.