03.11.2026
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында студенттердің тәжірибелік сабағы
2026 жылғы 30 қазанда Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Бейсенбаева Гүлназ Қанышқызының ұйымдастыруымен 1-курс студенттеріне «Археология» пәні бойынша көшпелі оқу сабағы өткізілді.
Сабақ аясында Қазақстанның археологиялық мұрасы мен ежелгі тарихты зерттеудегі археологиялық дереккөздердің маңызына арналған дәріс оқылды.
Сабақтың тәжірибелік бөлімін Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының антропология бөлімінің меңгерушісі Рамазан Жанұзақ жүргізді. Зертханада студенттерге археологиялық материалдармен, соның ішінде әртүрлі тарихи дәуірлерге жататын адам сүйек қалдықтарымен тікелей танысуға бірегей мүмкіндік берілді. Сақ және ғұн кезеңдеріне жататын материалдар көрсетіліп, адам сүйек қалдықтарын зерттеудің ерекшеліктері, сондай-ақ археологиялық олжаларды антропологиялық тұрғыдан зерттеу әдістері таныстырылды.
Студенттердің ерекше қызығушылығын нақты археологиялық материалдармен танысу мүмкіндігі тудырды. Бұл оларға ғылыми әдістердің Қазақстанның ежелгі тұрғындарының өмір сүру ерекшеліктерін, сыртқы келбетін, тұрмыс-тіршілігін және тарихи өткенін қайта жаңғыртуға қалай мүмкіндік беретінін түсінуге жағдай жасады.
Мұндай сабақтар студенттердің археологияға деген кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға, тәжірибелік білімдерін кеңейтуге және тарих ғылымындағы пәнаралық тәсілдің маңызын түсінуге ықпал етеді. Археологиялық дереккөздермен тікелей жұмыс істеу студенттерге пәнді теориялық тұрғыдан меңгерумен шектелмей, тарихи мұрамен етене танысуға мүмкіндік береді.
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкерлеріне мазмұнды дәрісі, тәжірибелік сабағы және студенттерді археологтер мен антропологтердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен таныстыруға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреміз!