29.10.2026
2026 жылғы 22 және 29 қазанда академик Т.С. Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасында ғылыми семинарлар өтті.
Ғылыми семинарларға кафедра оқытушылары мен докторанттар қатысты. Семинарларға тарих ғылымдарының кандидаты, профессор-зерттеуші Далаева Т.Т. жетекшілік етті.
2026 жылғы 22 қазанда кафедра докторанттары төмендегі тақырыптар бойынша баяндамалар жасады:
1. «8D02202- Тарих» БББ 2 курс докторанты Берікболова Айзада Жанботақызы «Ақмола және Семей облыстарындағы мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары: меценаттық қызметтің қалыптасуы, әлеуметтік бағыттары және оқу-ағарту саласына үлесі (ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасырдың басы)» тақырыбында баяндама жасады. Ғылыми жетекшісі – тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Кенжебаев Г.К.
2. «8D01605- Қазақстанның жаңа әлеуметтік тарихы» БББ 3 курс докторанты Идрисова Айдана Мухамеджанқызы «Қазақстанның жаңа заман тарихын оқыту барысында визуалды стратегиялар арқылы білімді бекіту және сыни ойлауды қалыптастыру (педагогикалық эксперименттің 2-кезеңі бойынша)» тақырыбында баяндама ұсынды. Ғылыми жетекшісі – тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Далаева Т.Т.
2026 жылғы 29 қазанда кафедра докторанттары төмендегі тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынды:
1. «8D01605- Қазақстанның жаңа әлеуметтік тарихы» БББ 3 курс докторанты Дүйсенбайқызы Айтолқын «Тарих пәні мұғалімдерін даярлаудың принциптері мен тәсілдерін эксперименттік тексеру: педагогикалық жоғары оқу орындары негізіндегі алғашқы нәтижелер» тақырыбында баяндама жасады. Ғылыми жетекшісі – PhD, Асымова Д.Б.
2. «8D01601- Тарих» БББ 3 курс докторанты Утеулиева Баршагүл Мұратқызы «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды тарих пәніне бейімдеу: авторлық әдістемелік бағдарламаны тәжірибеге енгізу жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Ғылыми жетекшісі – PhD, Асымова Д.Б.
Ғылыми семинарлар аясында ұсынылған зерттеулер бойынша пікір алмасу өтіп, баяндамалардың мазмұнын жетілдіру мен зерттеу нәтижелерін талқылауға қатысты ұсыныстар айтылды. Семинарлар докторанттардың ғылыми зерттеулерінің өзекті мәселелерін талқылауға, тәжірибе алмасуға және зерттеу жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталды.