02.11.2026
ҒАЛЫМДАР ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Бүгін Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауы жан-жақты талқыланды. Жиындыашқан Басқарма Төрағасы-Ректор Болат Тілепқара шаңырақтың оқытушы-профессорлар құрамына Жолдау жүктеген міндеттер туралы тізбеледі.
Талқылау шарасына Филология және Әлем тілдері факультетінің қызметкерлері мен оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Басқарма Төрағасы-Ректор Болат Тілеп Президент Жолдауы мемлекет үшін маңызды әлеуметтік, экономикалық мәселелердің шешімін көрсеткенін айтты. Жүктелген міндеттердің ішінде болашақ педагогтарды тәрбиелеп шығаратын қасиетті қара шаңырақтың да атқаратын қызметі зор.
– Президентіміз 2027 жылды«Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялады. Бұл, бірінші кезекте әлеуметтік бағыттағы, білім, ғылым саласындағы ұйымдар үшін қажетті инфрақұрылым салынады деген сөз. Біз осы үдерістен қалыс қалмай, заманауи университет ретінде материалдық-техникалық базамызды дамыта түсуіміз керек. Сондай-ақ Жолдауда айтылған маңызды бастамаларды жүзеге асыруға барынша атсалысамыз, – деді Болат Анапияұлы.
Алқалы жиын барысында оқу орнының білім беру сапасы ғана емес, инфрақұрылымдық жүйесінің сапалы болуы маңызды екені айтылды. Ғасырға жуық тарихы бар білім ордасының уақыт талабына сай жаңғыртылуы мен материалдық-техникалық жабдықталуына айрықша көңіл бөлінеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы атап көрсеткен инклюзивті білім беру бағыты да назардан тыс қалмады. Университет бұл бағытта ілкімді қадамдар жасап, инклюзивті білім беруде мәні жоғары арнайы педагогика мамандарын даярлауға күш салмақ.
Басқарма Төрағасы-Ректор оқытушы-профессорлар құрамының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алдағы уақытта атқарылатын ауқымды міндеттерге жеке-жеке тоқталды. Оқу ордасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту, академиялық еркіндікті кеңейту және оқу корпустарындағы инфрақұрылымды дамыту басты назарда болатынын мәлімдеді.
Іс-шара соңында Филология және Әлем тілдері факультетінің декандары атқарылып жатқан жұмыстарын жіктеп, жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу бағытындағы жүйелі жоспарларын ортаға салды.
«Abai Ubiversity» медиа орталығы