Абай университеті студентінің сән топтамасы MARIE CLAIRE Kazakhstan басылымында жарияланды

Абай университеті студентінің сән топтамасы MARIE CLAIRE Kazakhstan басылымында жарияланды

Абай университеті Өнер факультеті Дизайн кафедрасының «6В02118 – Сән дизайны» білім беру бағдарламасының 5-курс студенті Соколова Натальяның SKYBORN авторлық сән топтамасы халықаралық сән және мәдениет саласындағы беделді басылымдардың бірі — MARIE CLAIRE Kazakhstan журналының ресми сайтында жарияланды.

Авторлық топтама XXXIX Kazakhstan Fashion Week аясында таныстырылып, заманауи костюмді көркемдік тұрғыдан қайта пайымдауға негізделген. Коллекция архитектуралық пішіндермен, күрделі фактуралармен, қара және ақ түстердің айқын контрастымен ерекшеленеді. Киім үлгілеріндегі эксперименттік конструкциялар мен инновациялық материалдар жас дизайнердің өзіндік шығармашылық қолтаңбасын және заманауи сән кеңістігіндегі зерттеушілік ізденісін танытады.

Студент жұмысының республикалық деңгейдегі беделді сән басылымында жариялануы — оның кәсіби даярлығы мен шығармашылық әлеуетінің жоғары бағалануының көрсеткіші. Бұл жетістік Абай университетінде болашақ дизайнерлерді даярлау барысында теориялық білім, тәжірибелік шеберлік және авторлық жобалау қызметінің өзара сабақтастықта жүзеге асырылатынын айғақтайды.

Материалмен MARIE CLAIRE Kazakhstan ресми сайтынан танысуға болады.

Артқа қайту