28.10.2026
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2026 жылғы 28 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология кафедрасының кезектен тыс отырысы өтті.
Кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абдигапбарова Улжаркын Муслимовна отырыс барысында оқу үдерісін ұйымдастыру, қысқы емтихан сессиясына дайындық және кафедраның 2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспары туралы баяндады.
Профессор-оқытушылар құрамы кафедра қызметінің өзекті мәселелерін талқылап, оқу үдерісін жетілдіру және білім беру сапасын арттыру бойынша пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.