ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БАҒЫТЫНДА ҚЫТАЙ КОМПАНИЯСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТПАҚ

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БАҒЫТЫНДА ҚЫТАЙ КОМПАНИЯСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТПАҚ

Бүгін Абай университетіне «Beijing JingAn Yunxin Technology Co., Ltd» компаниясының өкілдері арнайы келіп, басшылықпен жасанды интеллект технологияларын білім беру жүйесіне енгізу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

«Beijing JingAn Yunxin Technology Co., Ltd» директорлар кеңесінің төрағасы Чжуан Эньгуй және аталған компанияның вице-президенті Чжуан Цзыхао келген маңызды кездесуге университеттің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, Стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Айгүл Искакова және құрылымдық бөлім басшылары қатысты. Қос тарап білім беру мен ғылым саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Отырыс барысында педагогикалық қара шаңырақтың білім беру және ғылыми-зерттеу саласындағы әлеуеті, оқу үдерісінде заманауи цифрлық технологияларды енгізу жобалары таныстырылды. Тараптар жасанды интеллектіні оқыту жүйесінде тиімді пайдалану, цифрлық құзыреттіліктерді дамыту және халықаралық ғылыми байланысты нығайту мәселелерін көтерді.

Қазірде Абай университеті мен Бейжің педагогикалық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандум бар. Осы құжат аясында үшжақты ынтымақтастықты дамытудың тиімді жолдары ұсынылды. Серіктестік арқылы бірлескен жасанды интеллект зертханасын құру, білім беру үдерісіне интеллектуалды технологияларды енгізу, оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттыру және ғылыми зерттеулер жүргізу туралы сөз болды. Сондай-ақ «2+2» форматындағы қосдипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселесіне де тоқталды.

Жалпы алғанда университеттің ғылыми әлеуетін технологиялық компанияларда өндірістік тәжірибе арқылы ұштастыру маңызды. Бұл – ғылыми әзірлемелерді сынақтан өткізуге, білім алушылардың заманауи цифрлық дағдыларын жетілдіруге және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға септігін тигізері анық.

Айта кетейік, қытайлық компания директорлар кеңесінің төрағасы Чжуан Эньгуй Бейжің педагогикалық университетінде Жасанды интеллект мектебі директорының орынбасары болып та қызмет етеді. Ол цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект негізіндегі инновациялық шешімдерді әзірлеуге және тәжірибеге енгізуге маманданған.

Бүгінгі кездесу болашақ мамандардың сандық технологияны жетік меңгеріп, оқу барысында кеңінен қолдануға серпін беру жолдарын қарастырып отыр.

«Abai University» медиа орталығы

Артқа қайту