Көркем сөздің көрнекті өкіліне көрсетілген құрмет

Көркем сөздің көрнекті өкіліне көрсетілген құрмет

Бүгін қазақ білімінің қара шаңырағы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы-драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Асылбекұлының 75 жасқа толуына орай «Серік Асылбекұлы феномені: көркем сөз, ғылыми таным және ұстаздық мектеп» тақырыбында республикалық әдеби-танымдық кеш өтті. Тағылымды іс-шараға елімізге және шетелге танымал әдебиеттанушы ғалымдар, жазушылар, журналистер мен театр өнерінің майталмандары қатысты.

Іс-шараның шымылдығын ашқан университет аппаратының басшысы Ж. Ішпекбаев мерейтойлық кездесудің өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік және рухани маңызына тоқталып, университет ректорының құттықтауын жеткізіп, мерейтой иесіне «Абай» медалін табыстады. Ал Қызметкерлер кәсіподағының төрағасы М. Ибрайымов кәсіподақ ұйымының атынан қаламгердің иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Сондай-ақ кешке арнайы келген мәртебелі қонақтар жазушының шығармашылық мұрасын әр қырынан талдап, оның қазақ әдебиеті мен ғылымына қосқан үлесі туралы мазмұнды ойларымен бөлісті. Осылайша студент жастарға Серік Асылбекұлының қаламгерлік және ғалымдық болмысын жаңаша қырынан танытты.

Артқа қайту