28.10.2026
«Туған жер – тәуелсіздік тұғыры»: Республика күніне арналған тәрбиелік іс-шара
2026 жылғы 28 қазанда 6В01308 «Бастауыш білім» (IP) білім беру бағдарламасының үш жылдық 1-курс студенттері Республика күніне орай «Туған жер – тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында интерактивті тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің отансүйгіштік сезімін нығайту, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасына құрметін арттыру, ел тәуелсіздігінің құндылығын дәріптеу.
Кездесу барысында студенттер өздерінің туған қалаларының тарихы мен көрікті жерлері туралы баяндап, туған өлкелеріне қатысты қызықты оқиғалармен бөлісті. Бұл әңгімелер қатысушыларға Қазақстанның әр өңірін жақынырақ танып, елдің тарихи-мәдени мұрасы туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Іс-шара аясында «Не? Қайда? Қашан?» интерактивті ойыны өткізілді. Ойынға 6В01308 «Бастауыш білім» (IP) білім беру бағдарламасының төрт жылдық оқу мерзімі бойынша білім алатын 1-курс студенттері қатысты. Қатысушылар білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп, топпен жұмыс істеу дағдыларын танытты.
Іс-шараны ұйымдастырушы: педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы М. Т. Бекбаева.