Дизайн кафедрасының аға оқытушысы халықаралық фестивальге қатысты

Дизайн кафедрасының аға оқытушысы халықаралық фестивальге қатысты

Абай университеті Өнер факультеті Дизайн кафедрасының аға оқытушысы Б.А. Атамкулов Америка Құрама Штаттарының Аризона штатындағы Тусон қаласында өткен «Tucson Meet Yourself» халықаралық фестиваліне қатысты.

Фестивальге қатысудың негізгі мақсаты – халықаралық мәдени және шығармашылық тәжірибе алмасу, заманауи өнер мен дизайн саласындағы кәсіби байланыстарды дамыту, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық мәдени мұрасын халықаралық деңгейде таныту. Іс-шара аясында әртүрлі елдердің мәдениеті, дәстүрлі өнері мен шығармашылық тәжірибелері ұсынылып, мәдениетаралық диалогті нығайтуға бағытталған кәсіби кездесулер өткізілді.

Б.А. Атамкуловтың халықаралық фестивальге қатысуы Дизайн кафедрасының шығармашылық әлеуетін танытуға, шетелдік мамандармен кәсіби ынтымақтастық орнатуға және озық тәжірибелерді білім беру үдерісіне енгізуге мүмкіндік берді. Бұл сапар Абай университетінің халықаралық байланыстарын кеңейтуге және ұлттық өнер мен дизайнды әлемдік мәдени кеңістікте дәріптеуге қосылған маңызды үлес болып табылады.

Артқа қайту