29.10.2026
Тұрғындар пікірі: Жолдауда ел дамуының жаңа бағыттары айқындалды
Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан бастамалары қоғамның дамуына тың серпін береді. Әсіресе, цифрлық экономиканы қалыптастыру, өңірлердің әлеуетін арттыру, ұлттық құрылысты дамытуға қатысты ұсыныстар. Алматылықтар бұл қадам елдің экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді деп санайды.
Келесі жылды жалпы ұлттық құрылыс жылы деп жариялады. Оның маңыздылығына келетін болсақ, бұл әр өңірдегі жаңағы мәдени орталықтар, кітапханалар, балабақшалар секілді құрылыстарыс жұмыстарымыздың қарқынды дамуына ықпал етеді деп сенемін.
Өңірлерді дамыту арқылы қуатты мемлекет құру туралы идеяны мемлекет басшысы өз аузынан айтты. Бұл шындығына келгенде әр өңірдің ерекшелігіне сай экономикалық белгілі нысан ретінде дамыту, сол арқылы қуатты Қазақстанның экономикасын құруға болатыны көңілге қонады.
Биылғы жыл, яғни цифрлық жасанды интеллект жылы ғой, жалпы жасанды интеллект құралдарын қоғамға, өмірімізге енгізу жылы. Дәл осы идеямен үндесіп тұр, бұл идея, яғни біздің жаңағы жасанды интеллект құралдарын бұл цифрлық әлеуметке де, экономикаға да тиімді қолдану жолдары ұсынды.
Автор
Айдана Қуантхан