Диссертациялық кеңес жанындағы ғылыми семинар өтеді

Диссертациялық кеңес жанындағы ғылыми семинар өтеді

2026 жылдың 14 қарашасында сағат 10:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 8D017 - Тілдер және әдебиет бойынша педагогтерді даярлау (6D011800/8D01702 - Орыс тілі мен әдебиеті) білім беру бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Диссертациялық кеңес жанындағы ғылыми семинарда «8D01702 – Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша докторант Сабдалиева Роза Болысовнаның «Ермек Тұрсынов прозасы:  теориялық және әдістемелік қырлары» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады.

Диссертациялық жұмыс Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде орындалған.

Ғылыми кеңесшілер:

Орынханова Ғибадат Аманжолқызы – филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

Сыздықбаева Айгүл Жұманазарқызы – PhD, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

Шетелдік ғылыми кеңесші:

Табачникова Ольга Марковна – PhD, Орталық Ланкашир университетінің профессоры (Престон қ., Ұлыбритания).

Ғылыми семинар оффлайн және онлайн форматта өтеді.

Мекенжай: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13,

Бас оқу ғимараты (3-қабат, 313-кабинет).

Zoom: https://zoom.us/j/7928136773?pwd=dGU5QlZCTE9lUFRpekFGNk1ZM2s3UT09&omn=91805579261 

Конференция идентификаторы: 792 813 6773

Қосылу коды: 12345

Артқа қайту