29.10.2026
«Білім беруді ақпараттандырудың теориялық және әдістемелік негіздері (Жасанды интеллект технологияларының ықпалымен дидактиканың дамуы)» атты III Халықаралық ғылыми вебинар өтеді
2 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (Алматы қ., Қазақстан) информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасы Ресей білім академиясымен ынтымақтастықта «Білім беруді ақпараттандырудың теориялық және әдістемелік негіздері (Жасанды интеллект технологияларының ықпалымен дидактиканың дамуы)» атты ІІІ Халықаралық ғылыми вебинарын өткізеді.
Іс-шара білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде информатиканы оқыту әдістемесін дамытудың өзекті бағыттарын, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы және олардың білім беру үдерісіне ауқымды енгізілуі жағдайында білім беруді ақпараттандырудың заманауи мәселелерін талқылауға бағытталған.
Іс-шараға информатика және білім беруді ақпараттандыру саласындағы жетекші ресейлік және шетелдік ғалымдар; білім берудің барлық деңгейіндегі білім беру ұйымдарының өкілдері; білім беруді ақпараттандыру мен информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі саласында ғылыми және ғылыми-қолданбалы зерттеулермен және жобалармен айналысатын студенттер, магистранттар, аспиранттар, ізденушілер, жас ғалымдар, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары білім беру ұйымдарының мамандары қатысуға шақырылады.
Күні мен уақыты: 2 қараша, сағат 14:00 (Мәскеу уақытымен 12:00)
Өткізілетін орындары:
Ресей, Мәскеу, Погодинская к-сі, 8, Ресей білім академиясы;
Қазақстан, Алматы, Төле би к-сі, 86, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 306-аудитория.
Бағдарлама