«6В02118-Сән дизайны» білім беру бағдарламасының студенті 39 - Kazakhstan Fashion Week аясында авторлық топтамасын таныстырды

«6В02118-Сән дизайны» білім беру бағдарламасының студенті 39 - Kazakhstan Fashion Week аясында авторлық топтамасын таныстырды

2026 жылғы 27 қазанда Өнер факультеті Дизайн кафедрасының 6В02118 – Сән дизайны білім беру бағдарламасының 5-курс студенті Наталья Соколова 39 - Kazakhstan Fashion Week аясында өзінің авторлық сән топтамасын көпшілік назарына ұсынды.

Kazakhstan Fashion Week – отандық сән индустриясының дамуына ықпал етіп, қазақстандық дизайнерлердің шығармашылық әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік беретін беделді ұлттық мәдени жоба. Биыл 39-маусымын өткізген Қазақстандық прет-а-порте сән апталығы еліміздің креативті индустрия өкілдерін, танымал дизайнерлерді, мәдениет қайраткерлерін, кәсіпкерлерді, тренд қалыптастырушыларды және отандық әрі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын бір алаңға жинады.

2026 жылғы 27–29 қазан аралығында өткен күзгі сән апталығының көрсетілімдері Қабылдаулар үйінде және маусымның қорытындысына арналған салтанатты кеш алаңында ұйымдастырылды. Жоба қазақстандық дизайнерлерге өз талантын жүзеге асыруға, кәсіби шеберлігін көрсетуге және шығармашылық жұмыстарын кең аудиторияға таныстыруға мүмкіндік береді.

Наталья Соколова кәсіби білімін, тәжірибелік дағдылары мен шығармашылық ізденісін үйлестіре отырып, отандық сән индустриясының беделді алаңында өз жұмысын лайықты деңгейде таныстырды. Бұл жетістік – жас дизайнердің таланты мен табандылығының, сондай-ақ білім алу барысында жинақтаған тәжірибесінің нәтижесі.

Іс-шараға арнайы қонақ ретінде шетелдік ғалымдар да қатысып, сән индустриясының танымал өкілдерімен сұхбаттасып, кәсіби тәжірибе және заманауи сән саласының даму үрдістері жөнінде пікір алмасты.

Дизайн кафедрасының ұжымы Наталья Соколованы айтулы жетістігімен құттықтап, алдағы шығармашылық жолына жаңа жобалар, тың идеялар және толағай табыстар тілейді!

Артқа қайту