«SHINHAN BANK KAZAKHSTAN» ЖАЛПЫ ҚОРЫ – 3 МЛН ТЕҢГЕ СТИПЕНДИЯ ТАҒАЙЫНДАДЫ

«SHINHAN BANK KAZAKHSTAN» ЖАЛПЫ ҚОРЫ – 3 МЛН ТЕҢГЕ СТИПЕНДИЯ ТАҒАЙЫНДАДЫ

Абай университетінде корей тілін меңгеріп жүрген үздік студенттерге «Shinhan Bank Kazakhstan» ұйымының атаулы шәкіртақылары табысталды. «Арманыңды жүзеге асыр» атты шәкіртақы байқауы білім алушылардың академиялық жетістіктерін қолдауға және кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер беруге арналған.

«Shinhan Bank Kazakhstan» стипендиялық бағдарламасы үшінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді. Биыл байқауға 30-ға жуық студент өтініш білдіріп, олардың арасынан үздік 15 үміткер іріктелді. Іріктеу кезінде студенттердің академиялық үлгерімі, тілдік сертификаттары, қоғамдық белсенділігі және әлеуметтік жағдайы да ескерілді.

Үздіктерді марапаттау рәсіміне «Shinhan Bank Kazakhstan» АҚ Басқарма мүшесі Виталий Ким және әкімшілік бөлім басшысы Нұрлан Жайлаубаев қатысып, талапты жастарға 200 мың теңгеден шәкіртақы сертификаттарын сыйға тартты. Аталған банк өкілдері Абай университеті студенттерінің академиялық нәтижелерін, кәріс тілін үйренуге деген қызығушылығын және кәсіби дамуға ұмтылысын айрықша атап өтті.

Салтанатты жиында білім ордасының Стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айгүл Искакова стипендия иегерлеріне оқуда табыс тіледі. Сондай-ақ банк өкілдеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, екіжақты ынтымақтастықтың алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдірді.

«Арманыңды жүзеге асыр» жобасы студенттердің тілдік құзыретін жетілдіріп қана қоймай, Корея Республикасының мәдениетімен, білім беру жүйесімен және халықаралық тәжірибесімен жақынырақ танысуына жол ашады. Болашақ мамандардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтіп, мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

«Shinhan Bank Kazakhstan» тағайындайтын атаулы стипендиялар студенттердің академиялық жетістіктерін бағалап, олардың білімге деген ынтасын арттыруға бағытталған.

«Abai University» медиа орталығы

Артқа қайту