23.10.2026
Диссертациялық кеңес жанындағы ғылыми семинар өтеді
2026 жылғы 2 қарашада сағат 15:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 8D019 – Арнайы педагогика мамандарын даярлау (6D010500 – Дефектология / 8D01901 – Арнайы педагогика мамандарын даярлау) бағыты бойынша Диссертациялық кеңес жанындағы ғылыми семинарда докторанттар Ашимханова Гүлбану Серікқызының «Болашақ арнайы педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыптарындағы диссертациялық жұмыс талқыланады.
Ғылыми семинар офлайн және онлайн форматтарда өтеді.
Диссертациялық жұмыстар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.
Семинардың жұмыс тілдері: қазақ және орыс тілдері.
Ғылыми кеңесшілері:
Аутаева Ақбота Нұрсұлтанқызы – психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.);
Пайлозян Жанна Арутюновна – педагогика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор (Хачатур Абовян атындағы Армения мемлекеттік педагогикалық университеті, Ереван қ., Армения).
Семинарға қосылу (ZOOM)
Сілтеме: https://zoom.us/j/93584698590?pwd=9z5TqUuspTp2aYDURYD6Wu1bXaEdwq.1
Конференция идентификаторы: 935 8469 8590
Құпиясөз: 1234
Өтетін орны
050010,
Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің Бас оқу ғимараты, 3-қабат, 307-кабинет.