24.10.2026
«Мәңгілік ел – мәңгілік болашақ»: Республика күніне арналған іс-шара
2026 жылғы 24 қазанда Республика күніне орай 6В01303 – «Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері мен олардың жетекшісі, PhD, аға оқытушы Г. Ғ. Арынованың ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – мәңгілік болашақ» атты іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ел тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында Қазақстанның жетістіктері, тәуелсіздіктің маңызы, ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің құндылығы талқыланды. Қатысушылар елдің жарқын болашағы жас ұрпақтың біліміне, тәрбиесіне және азаматтық белсенділігіне байланысты екені туралы ой бөлісті.
Іс-шара жастардың патриоттық рухын нығайтуға, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыруға және ел болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етуге бағытталды.