Абай шаңырағындағы әдеби жүздесу: қазақ-өзбек рухани байланысы

Абай шаңырағындағы әдеби жүздесу: қазақ-өзбек рухани байланысы

2026 жылғы 23 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Өзбекстан Республикасы Жазушылар одағының қаламгерлерімен әдеби кездесу өтті.

Кездесуді жүргізген әдебиеттанушы-ғалым, PhD Әлібек Байбол бауырлас екі ел арасындағы әдеби-мәдени байланысты нығайтудың маңызын атап өтіп, студенттерді арнайы келген қонақтармен таныстырды.

Іс-шараның ашылуында Филология факультетінің деканы Ботагөз Тлеубекова сөз сөйлеп, университеттің Өзбекстанның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайту бағытында бірқатар игі бастамаларды жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті.

Кездесу барысында өзбек қаламгерлері студенттерге қазіргі өзбек әдебиетіндегі жаңа бағыттар мен тың ізденістер туралы әңгімелеп, өз шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Әдеби жүздесу қазақ және өзбек әдебиеттерінің өзара үндестігін танытып, бауырлас халықтар арасындағы рухани байланысты тереңдете түсті.

Артқа қайту