РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде ұлттың ұлылығын ұлықтайтын, елдіктің еңсесін тіктейтін Республика күніне орай «Республикам менің» атты салтанатты іс-шара өтті. Елдік пен бірлікті паш еткен бұл жиынға университет басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы, ардагер ұстаздар мен белсенді студенттер қатысты. Ғылыми, мәдени-рухани дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалымдар министрлік және университеттік марапаттарға ие болды.

Әрбір халықтың тарихында оның тағдырын айқындайтын, мемлекеттігінің қазығын қағатын тарихи белестер болады. Халқымыз үшін сондай тағдырлы да тарихи сәт – 1990 жылғы 25 қазан еді. Дәл осы күні қабылданған «Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясы еліміздің дербес мемлекет ретінде қалыптасуына негіз қалады. Республика күні – жай ғана күнтізбедегі дата емес, бұл – ғасырлар бойы бабалар аңсаған азаттық аңызының ақиқатқа айналған, егемендігіміздің көк туы көк аспанда желбіреген ұлы күн.

«Республикам менің» мерекелік салтанатта сөз алған Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректор Болат Тілеп кеш қонақтарын айтулы мерекемен құттықтап, бұл күннің тарихи салмағына тоқталды.

– Республика күні –  тәуелсіз ел болудың рухын, еркін ойдың салтанатын, елдік мүдденің мәңгілігін білдіретін мереке. Бұл күн – өткенімізді саралап, бүгінімізді бағалап, болашағымызды айқындайтын тағылымды сәт. Өйткені, егемендік ата-баба аңсаған арман, бүгінгі буын сақтайтын аманат, келер ұрпаққа табысталатын жауапкершілік. Бүгінгі өркениет өрісіндегі Қазақстан білімді, білікті, елжанды ұрпаққа үміт артады. Мемлекеттілік пен тәуелсіздік идеяларын нығайтуда білім беру жүйесінің әсіресе ұстаздар қауымының миссиясы айрықша. Абай атындағы ҚазҰПУ осы ұлы мақсат жолындағы еліміздің алғашқы жоғары оқу орны ретінде әрқашан осы жауапкершілікті сезінеді», – деп атап өтті Болат Анапияұлы.

Мерекелік шарада келесі құттықтау сөз сөйлеген ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА-ның Білім және қоғамдық даму орталығының басшысы Жеңісбек Төлен Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Болат Анапияұлын «ҚР Ұлттық ғылым академиясына – 80 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады. Сонымен қатар отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан жетекші ғалымдарға арналған ведомстволық марапат «Қаныш Сәтбаев» төсбелгісімен Биология кафедрасының профессор-зерттеушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Шілдебаев Жұмаділ Байділдаұлына табыстады.

Отанымыздың тәуелсіздік жолындағы тынымсыз еңбегі мен өркендеуінде білім мен ғылым саласының орны ерекше. Сол себепті, бүгінгі  шарада Абай университеті ұжымының елеулі еңбектері бағаланды. Салтанатты шара аясында елдің білім-ғылым саласына сүбелі үлес қосқан бірқатар ғалымдарға мен қоғамдық белсенділігімен көзге түскен қызметкерлерге ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің және университеттің марапаттары табыс етілді.

Салтанатты шара университет өнерпаздары мен талантты студенттер әзірлеген мазмұнды мерекелік концертке ұласты. Мерекелік жиынды кеш қонағы, танымал эстрада жұлдызы Нұржан Қалжан шырқаған әнімен қорытындылады.

Республика күні мерекесінде марапатталған университет қызметкерлерінің тізімін төменде жариялап отырмыз:

ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігі «Қаныш Сәтбаев» медалімен Алимбекова Анар Аймолдановна – PhD, қауымдастырылған профессор (доцент);

ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігі «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен

Қабатай Бидана Тұрсынханқызы – п.ғ.к., доцент;

Нургали Сауле – филол.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент);

Раева Гулзат Магауовна – филол.ғ.к., доцент;

ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігі «Жоғарғы білім беру саласына қосқан үлесі үшін» медалімен Камалова Гульдина Большевиккызы – пед.ғ.д., профессор;

ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің Құрмет грамотасымен

Маханова Аскен Кабдрахмановна – доцент;

Тусубекова Кунслу Кадыркуловна – пед.ғ.к.;

Айтказин Омар Бикенович – Азаматтық қорғаныс және мобилизациялық дайындық қызметінің жетекшісі;

Онгарбаева Алия Тынысовна – PhD;

Жаксыбаев Мурат Бодинович – биол.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент);

Сатыбалдиев Марат Бекенович – қауіпсіздік қызметінің басшысы;

Шаяхметова Дана Бексултановна – пед.ғ.к., қауымдастырылған профессор;

Таджибай Меруерт Мұратқызы – Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының орынбасары;

Умирбекова Тоткуль Арыстановна – Білім беру бағдарламаларын талдау департаментінің жетекші маманы;

Омаров Саят Кусаинович – пед.ғ.к.;

Сыдыхов Бахыт Дикамбаевич – пед.ғ.д., профессор;

Азаматова Ултуар Аманбековна – Студенттерге қызмет көрсету орталығының бас маманы;

Шорманова Айнур Қыстаубеккызы – т.ғ.к.;

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен

Аменова Камиля Амантурлиевна – PhD, Қаржы және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор;

Баймурзаев Танирберген Хамитович – аға оқытушы;

Молдасанов Ерсайын Мышанұлы –  доцент:

Ахмадиева Сауле Жанибековна – Студенттерге қызмет көрсету орталығының бас маманы;

Габбасова Жанна Дуйсембаевна – Институционалдық тиімділік кеңсесінің жетекшісі;

Абдильдина Салтанат Болысовна – Активтерді басқару бөлімінің басшысы;

Нам Наталья Славиковна – аға оқытушы;

Кудабаев Еркебулан Аманбекович – Заң басқармасының басшысы;

Алиева Молдир Ермекбаевна –  аға оқытушысы

Османова Гулайна Жалалыевна – PhD, қауымдастырылған профессор (доцент);

Акылбекова Турар Наурызбаевна – х.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент);

Жанбекова Гульнур Ибадуллаевна – аға оқытушы;

Жаканбаева Бакытгул Болаткалиевна –  аға оқытушы;

Салкимбаев Сүйеніш Борисович – Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бөлімінің Team lead әзірлеушісі;

Курманалиев Бекмухан Тургунович – аға оқытушы;

Хорғасбай Еңлік Тоқболатқызы – Ғылыми кадрлары даярлау және аттестаттау басқармасының бастығы;

Чумаченко Татьяна Николаевна – саяси ғылымдар кандидаты;

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ыбырай Алтынсарин» медалімен Кыякбаева Улбосын Козыбаевна – п.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент);

Алматы қаласы әкімінің Алғыс хатымен

Нурбатыров Болатбек Боданович – Түлектер қауымдастығының жетекшісі;

Жусипов Бахыт Сайлаубаевич – доцент;

Пірәлі Райымбек Полатұлы – Жастар ісі жөніндегі бөлім басшысы;

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен

Сафронова Людмила Васильевна – филол.ғ.д., профессор;

Хан Наталья Николаевна – пед.ғ.д., профессор;

Байкулаков Ерлан Таубаевич – аға оқытушы;

Омарова Сандугаш Абиеровна –  пед.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент);

Ибраева Айзат Дюсеновна – филол.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент);

«Абай» төсбелгісімен Тулегенова Малика Балтабаевна – магистр, аға оқытушы;

«Құрметті қызметкер» төсбелгісімен Жанасылов Талғат Абиболатович – магистр, оқытушы;

«Құрметті ардагер» төсбелгісімен

Чилдибаев Джумадил – пед.ғ.д., профессор;

Азбергенова Раушан Байдалиновна – экон.ғ.к., доцент;

«Үздік ұстаз» төсбелгісімен

Атабекова Бактыгул Болтабековна –  PhD, қауымдастырылған профессор (доцент);

Алиев Мұратбек Дүйсенұлы – аға оқытушы;

Нурбаева Аида Мухтаровна – PhD, қауымдастырылған профессор (доцент); 

Құрмет грамотасымен

Ерзин Рустам Адилович –  оқытушы;

Кузембаева Бахыт Мыркаевна – Студенттерге қызмет көрсету орталығының бас маманы;

Дуненкулова Гульчехра Алексеевна – Тіркеу кеңсесінің жетекші маманы;

Хавайдарова Мехриниса Марсовна – филол.ғ.к.;

Азретбергенова Эльмира Жарылкасыновна – т.ғ.к.;

Сыздыкова Мархаба Баяновна – менеджер-кітапханашы;

Байсеитова Жанасыл Нурмухановна – Оқу сабақтарын мониторингілеу және бақылау бөлімінің басшысы;

Сәбитқызы Асем – PhD;

Нұрмұханбетова Айгерім Шалқарқызы – Әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекші маманы;

Алғыс хатымен

Мусаева Асель Берикбаевна – Кадр саясаты басқармасының бас менеджері;

Есенбаева Гулмира Шарипкызы – Ғылыми кітапхана Автоматизация бөлімінің меңгеруші;

Омирбекова Жанагуль Муратовна – PhD;

Орынбасаров Нұржан Темірханұлы – Көркем білім беру кафедрасының оқу шебері;

Мұқан Димаш Қайратұлы – Заң басқармасының бас заң кеңесшісі;

Баймаханов Акилбек Бакитбекович – Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы;

Хаби Айгерім Абудллинқызы – аға оқытушы;

Кунтуарова Арай Довлетбаевна – PhD.

«Abai University» медиа орталығы

Артқа қайту