«Дағдарыстық жағдайдан шығу және ішкі ресурстарды табу» тақырыбында психологиялық тренинг өтті

«Дағдарыстық жағдайдан шығу және ішкі ресурстарды табу» тақырыбында психологиялық тренинг өтті

2026 жылғы 22 қазанда Психологиялық қолдау қызметі «Дағдарыстық жағдайдан шығу және ішкі ресурстарды табу» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырып, өткізді.

Тренингтің негізгі мақсаты – студенттердің өмірлік қиындықтарды еңсеру дағдыларын дамыту, өздерінің эмоционалдық жағдайларын түсінуіне және психологиялық саулығын сақтауға ықпал ететін ішкі ресурстарын анықтауына көмектесу.

Тренинг барысында қатысушылар күрделі өмірлік жағдайларға әрекет ету тәсілдерін, эмоционалдық тұрақтылықтың маңызын және дағдарыстық жағдайларды еңсерудегі жеке ресурстардың рөлін талқылады. Практикалық жаттығулар мен топтық жұмыс арқылы студенттер өздерінің күшті жақтарын тереңірек танып, ішкі тірек көздерін анықтап, туындаған мәселелерді шешудің сындарлы жолдарын қарастырды.

Өзін-өзі қолдау дағдыларын дамытуға, эмоционалдық шиеленісті жеңе білуге және қиын жағдайларда көмекке жүгінуге дайын болуға ерекше назар аударылды. Тренинг соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, алған тәжірибелерінің маңыздылығын атап өтті.

Тренингке университетіміздің Өнер факультетінен 20-дан астам студент қатысты.


Психологиялық қолдау қызметі

Артқа қайту