«25 қазан – Республика күні: егемендік бастауы» атты дөңгелек үстел өтті

«25 қазан – Республика күні: егемендік бастауы» атты дөңгелек үстел өтті

2026 жылдың 22 қазан күні 25 қазан – Республика күніне орай магистр, аға оқытушы Ұлпан Ақбердіқызының жетекшілігімен «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері арасында «25 қазан – Республика күні: егемендік бастауы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға Республика күнінің тарихи маңызын түсіндіру, Қазақстанның егемендік алу жолындағы маңызды кезеңдер туралы мағлұмат беру, сондай-ақ жастардың бойында отансүйгіштік сезім мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.

Дөңгелек үстел барысында Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануы, еліміздің тәуелсіздікке бастар тарихи қадамдары және егемен Қазақстанның жетістіктері талқыланды. Студенттер тақырып аясында баяндамалар жасап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар ел бірлігі, ұлттық құндылықтар және мемлекеттілікті нығайтудағы жастардың рөлі жөнінде пікір алмасты.

Университетте өткен іс-шарадан кейін студенттер Ұлттық кітапханада Республика күніне орай ұйымдастырылған «Тұғыры биік Қазақстан» атты дөңгелек үстелге қатысты. Кездесу барысында еліміздің тарихы, тәуелсіздік құндылықтары, ұлттық рух және Қазақстанның қазіргі даму бағыттары туралы мазмұнды ойлар айтылды. Аталған іс-шаралар студенттердің тарихи танымын кеңейтіп, ел тағдырына жауапкершілікпен қарауына және Отанға деген құрметін арттыруға ықпал етті.

Артқа қайту