21.10.2026
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының Қазақстан Республикасы күніне арналған дөңгелек үстелге қатысуы туралы есеп
2026 жылғы 21 қазанда сағат 11:00-де заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А. М. Сералиева Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде өткен Қазақстан Республикасы күніне арналған дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шара барысында қазақстандық мемлекеттілікті нығайту, қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты сақтау, ұлттық бірегейлікті дамыту және азаматтардың патриоттық рухын арттыру мәселелері қарастырылды. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне, тұрақтылықты қамтамасыз етудегі азаматтық қоғамның рөліне және жалпыұлттық бірліктің маңызына ерекше назар аударылды.
Іс-шараға мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және белсенді азаматтар қатысты.
Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы күнінің маңызын талқылауға, азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді және Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталған пікір алмасу алаңына айналды.