«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТТАРЫ ТАБЫС ЕТІЛДІ

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТТАРЫ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Республика күні қарсаңында Абай университетінің бір топ қызметкері «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасының алғыс хатымен марапатталды. Марапат қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, бастамаларды жүзеге асыруға қосқан үлестері үшін беріліп отыр.

Жиынға Абай университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақауов пен Түлектер қауымдастығының жетекшісі, «Жоғары білім» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Болатбек Нұрбатыров қатысты. Конференцияны «Әділет» партиясы Медеу аудандық филиалының төрағасы Ержан Медеуов ашып, жүргізіп отырды. Сонымен қатар жиында «Жастар Рухы» жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы Айдар Күнтубай сөз сөйледі.

Іс-шара барысында университет қызметкерлеріне қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, партия қызметіне қолдау көрсеткені және қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуровтың атынан алғыс хат табысталды.

Олардың қатарында Ректор аппараты басшысының орынбасары Қазына Бекбенбетова, пед.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының және Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Раушан Қанапьянова, №1 жатақхананың меңгерушісі Гүлжан Искакова, Ғылыми кітапхананың бас эксперт-менеджері Толқын Сағымбаева, Түлектер қауымдастығының жетекші маманы Ақбота Ерболқызы, Өнер факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сұлтан Бодан, Педагогика және психология факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елмұрат Құрманғали, Математика және физика факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Өмірзақ Мүсілім, Филология факультеті деканының халықаралық ынтымақтастық және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Аяжан Кенесхан, Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақылбек Баймаханов, Әлем тілдері факультеті деканының халықаралық ынтымақтастық және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Мағжан Жұмағұлов, Жаратылыстану және география факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серік Бакиров, Тарих және құқық факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Медет Азанбаев бар.

Марапаттау рәсімі «Әділет» партиясы Медеу аудандық филиалының II кезектен тыс конференциясы аясында өтті. Конференцияның күн тәртібінде филиалдың Саяси кеңесі мүшелерін сайлау және партияның қалалық конференциясына делегаттар сайлау мәселелері қаралды.

«Abai University» медиа орталығы

Артқа қайту