16.10.2026
Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйіне саяхат
2026 жылдың 16 қазаны күні «Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері (1, 2, 3-топтар) көрнекті қоғам қайраткері, ақын, ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйіне саяхат жасады.
Мұражай-үйге саяхаттың мақсаты - студенттерді ұлт ұстазының өмірі мен рухани мұрасымен, азаматтық ұстанымысмен таныстырып, насихаттау, олардың бойында ұлттық құндылықтарға құрмет пен отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
Мұражай директоры, ф.ғ.к., доцент Райхан Сахыбекқызы Имаханбет Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, ағартушылық және қоғамдық қызметі туралы әсерлі әңгімеледі. Студенттер ғалымның «Тіл - құрал», «Оқу құралы», «Әдебиет танытқыш» т.б., еңбектерімен, «Қырық мысал» және «Маса» жинақтарымен, сондай-ақ соңғы жылдары А. Байтұрсынұлы туралы жарық көрген еңбектермен танысып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Топ жетекшілері - PhD, қауымдастырылған профессор А. Алимбекова және п.ғ.м., аға оқытушы С. Райымқұл.