21.10.2026
Қос диплом бағдарламасын іске асыру мәселелері пысықталды
2026 жылғы 16 қазанда Филология факультетінің өкілдері Өзбекстан Республикасындағы Гүлістан университетіне жұмыс сапары барысында қос диплом бағдарламасын іске асыру мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Филология факультетінің деканы мен Гүлістан университетінің басшылығы студенттерді қабылдау тәртібі, академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру және оқытушылар алмасу мәселелері бойынша пікір алмасты.
Бұл бастама екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, білім алушылардың халықаралық тәжірибесін кеңейтуге және білім беру саласындағы әріптестікті дамытуға мүмкіндік береді.
