Түркі ғалымдары бас қосқан халықаралық конференция

Түркі ғалымдары бас қосқан халықаралық конференция

2026 жылғы 16 қазанда Өзбекстан Республикасындағы Шыршық  педагогикалық университетінде түркі ғалымдарының басын қосқан халықаралық конференция өтті.

Халықаралық ғылыми жиынға Абай университетінің Филология факультетінің өкілдері қатысып, ғылыми баяндамалар жасады. Конференция аясында түркі халықтарының тіл біліміндегі өзекті мәселелер, әдебиеттану саласындағы тың ізденістер мен жаңа бағыттар талқыланып, ғалымдар арасында мазмұнды пікір алмасу өтті.

Бауырлас халықтардың ғылыми және рухани байланысын нығайтуға бағытталған мұндай халықаралық кездесулер түркі дүниесіне ортақ құндылықтарды зерделеуге, ұлттық әдебиеттер арасындағы сабақтастықты тереңдетуге және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға жол ашады.


Конференция барысында түркі халықтарының әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, өзара әдеби аудармаларды дамыту және әр халықтың ұлттық ерекшелігін танытатын көркем туындыларды ортақ рухани кеңістікке енгізу мәселелеріне де назар аударылды. Мұндай бастамалар алдағы уақытта ғылыми және шығармашылық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.

Артқа қайту