21.10.2026
«Қауіпсіз әрі қолайлы студенттік орта қалыптастыру» тақырыбында психологиялық тренинг өтті
2026 жылдың 19 қазан күні Психологиялық қолдау қызметі студенттер арасында буллингтің алдын алу және өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Қауіпсіз әрі қолайлы студенттік орта қалыптастыру» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Тренингтің негізгі мақсаты – студенттердің буллинг туралы түсінігін кеңейту, оның психологиялық салдарын ұғындыру, сондай-ақ құрдастар арасындағы қарым-қатынаста өзара құрмет, жауапкершілік және қолдау көрсету дағдыларын дамыту.
Тренинг барысында қатысушылар буллингтің негізгі белгілерімен, оның көрініс табу ерекшеліктерімен және студенттердің эмоционалдық әл-ауқатына тигізетін әсерімен танысты. Практикалық тапсырмалар мен жағдаяттық талдау арқылы студенттер жанжал мен буллингтің айырмашылығын ажыратып, мұндай жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын қарастырды. Сонымен қатар қатысушылар өзара түсіністік танытудың, жеке шекараны құрметтеудің және қиын жағдайға тап болған адамға қолдау көрсетудің маңыздылығына назар аударды. Тренинг студенттерге өз әрекеттерінің өзгелерге әсерін бағалауға, қарым-қатынастағы жауапкершілікті сезінуге және психологиялық қауіпсіздікке үлес қосуға мүмкіндік берді.
Тренингке Ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект факультетінің 30-ға жуық студенті қатысты.
Психологиялық қолдау қызметі