«Қазақ тілі мен жасанды интеллект: ұлттық құндылықтар мен заманауи технологиялар үндестігі»

«Қазақ тілі мен жасанды интеллект: ұлттық құндылықтар мен заманауи технологиялар үндестігі»

19.11.2026 жылы №215 ЖББ мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Филология факультеті, 6В01701 қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3ж 3курс практиканттары мен тәлімгерлердің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен жасанды интеллект: ұлттық құндылықтар мен заманауи технологиялар үндестігі» тақырыбында тағылымы мол апталықтың шымылдығы түрілді.

🎶 Күй күмбірі – ұлттық рухтың үні.

📖 Жыр мен өлең – жүрекке жеткен асыл сөз.

🎼 Абай әндері – рухани мұрамыздың мәңгілік әуені.

🤖 Ұлттық құндылықтар мен жаңа технологиялар – болашаққа бастар жарқын жол!

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай ұйымдастырылған апталық – білім мен тәрбиені, әдебиет пен өнерді, ұлттық мұра мен жаңашылдықты тоғыстырған ерекше бастама.

Осы апталық аясында ұстаздар мазмұнды ашық сабақтар өткізіп, практиканттарымыз тәжірибе жинақтап, оқушылардың білімге құштарлығын арттырса, көңілді үзілістер мектеп өміріне ерекше серпін мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 🎉❤️

Болашақ жас мамандарымыз апталықтың ұйымдастырылуына белсене атсалысып, тәжірибе жинақтап, ұстаздық жолдағы алғашқы қадамдарын шыңдай түсті. Практиканттарымыз білімді тәжірибемен ұштастырып, кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берген тағылымды сәттер болды

Артқа қайту