20.10.2026
«Жас ғалым» жобасы бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына арналған вебинар өтті
2026 жылғы 19 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ постдокторанты, PhD Ермахан Хұрышұлы Жабаевтың ұйымдастыруымен «Жас ғалым» жобасы бойынша гранттық қаржыландыру конкурсы: негізгі талаптар, басым бағыттар және өтінім әзірлеу ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өтті.
Вебинар барысында «Жас ғалым» жобасы бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына қатысудың негізгі талаптары, ғылыми басым бағыттар және конкурстық өтінімдерді әзірлеу ерекшеліктері қарастырылды.
Онлайн форматта өткен іс-шарада ғылыми жобаларды дайындау кезінде назар аударуды қажет ететін маңызды мәселелер талқыланды. Вебинар жас ғалымдардың гранттық конкурстарға қатысуға дайындығын арттыруға және сапалы ғылыми өтінімдер әзірлеу бойынша қажетті ақпарат алуына бағытталды.