20.10.2026
ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМ AMBER WARD АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІНДЕ
2026 жылдың қазан–қараша айларында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер факультетіне АҚШ-тың Флорида мемлекеттік университетінің (Florida State University) қауымдастырылған профессоры, доктор Amber Ward ғылыми сапармен келді. Мақсаты – шетелдік ғалымдармен академиялық ынтымақтастықты дамыту, ғылыми-әдістемелік тәжірибе алмасу және халықаралық кәсіби байланыстарды нығайту.
Amber Ward Флорида мемлекеттік университетінің Өнер саласындағы көшбасшылық, білім беру және терапия кафедрасында қызмет атқарады. Ғалымның ғылыми-зерттеу бағыттары өнерге негізделген зерттеу әдістерін, қолөнерді, феминизмді, тұрақты дамуды, экологиялық және әлеуметтік әділеттілік мәселелерін қамтиды.
Ғылыми сапар барысында өнер саласындағы заманауи зерттеу әдістері мен педагогикалық тәжірибелер талқыланып, бірлескен ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асырудың перспективалық бағыттары айқындалады. Бұл сапар факультеттің халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуге және ғылыми-білім беру әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.