16.10.2026
Абай атындағы ҚазҰПУ Дизайн кафедрасының өкілдері Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағының IX Бас Ассамблеясына қатысты
2026 жылғы 16 қазанда Алматы қаласында Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағының (UNASTW) IX Бас Ассамблеясы өтті. Оған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер факультеті Дизайн кафедрасынан педагогика ғылымдарының кандидаты, университет қауымдастырылған профессоры (доценті) Кудабаева Клара Ильясовна және 7М02125 – Дизайн білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары Сәрсеналиева Аяжан Саматқызы мен Сахибзадаева Галия Талгатовна тыңдаушы ретінде қатысты.
Ассамблеяда Одаққа мүше ұлттық ғылым академиялары 2024–2026 жылдардағы қызмет қорытындылары мен алдағы жоспарларын таныстырды. UNASTW Төрағасы, профессор Музаффер Шекер Одақ қызметі туралы баяндама жасады, ал әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, профессор Жансейіт Қуанышұлы Түймебаев «Түркітану ғылымы: тарихи тамырлар, қазіргі үрдістер және интеграциялық парадигмалар» тақырыбында сөз сөйледі. Іс-шара Дизайн кафедрасының өкілдеріне түркі елдерінің ғылыми ынтымақтастық бағыттарымен танысып, халықаралық кәсіби байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік берді.