Идеядан жеңіске дейін: гранттық өтінім дайындау бойынша практикалық семинар өтті

Идеядан жеңіске дейін: гранттық өтінім дайындау бойынша практикалық семинар өтті

2026 жылғы 16 қазанда Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті, Информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасында оқытушыларға, жас ғалымдарға және докторанттарға арналған «Идеядан жеңіске дейін: ГҚ және БНҚ конкурстарына бәсекеге қабілетті өтінімдер дайындаудың лайфхактары» атты практикалық семинар ұйымдастырылды.

Семинар спикері – п.ғ.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-зерттеушісі, Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі (2022–2025), БНҚ ғылыми жетекшісі (2023–2025) Жанат Кунапиановна Нурбекова. Гранттық конкурстардың нормативтік негіздерін, жобаны іске асыру жоспарын сапалы құру талаптарын түсіндіріп, өтінім дайындаудың 14 лайфхагымен және өтінім сапасының чек-парағымен бөлісті. Сондай-ақ өтінімді тексеруде генеративті жасанды интеллектіні виртуалды рецензент ретінде пайдалану тәсілдері көрсетілді.

Семинар аралас форматта (313-аудитория және Zoom) өтіп, қатысушылар өз жоба идеяларын талқылады. Семинарға университеттің профессор-оқытушылары, жас ғалымдар мен докторанттар қатысты. Онлайн форматта Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Торайғыров университеті және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің өкілдері қосылды.

Семинарға қатысушылар ұсынылған материалдардың практикалық маңыздылығын атап өтіп, құнды кеңестері үшін спикерге алғыстарын білдірді. Іс-шара тәжірибе алмасуға, гранттық өтінімдерді дайындаудың өзекті мәселелерін талқылауға және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша практикалық ұсыныстар алуға мүмкіндік берді.

Артқа қайту