19.10.2026
Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-зерттеушісі Т. Т. Далаеваның Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде қонақ дәрісі өтті
2026 жылғы 16 қазанда Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-зерттеушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Теңлік Тоқтарбекқызы Далаеваның қонақ дәрісі өтті.
Дәрістің тақырыбы - «XIX ғасыр - XX ғасырдың басындағы фотосуреттердегі Қазақстанның визуалды тарихы». Өз баяндамасында Т. Т. Далаева визуалды дереккөздердің тарихи реконструкция жасаудағы маңызды құрал ретіндегі рөлін ерекше атап өтті. Тыңдаушылар XIX–XX ғ. кезеңдегі қазақ қоғамының дәстүрлі тұрмысын, этнографиялық ерекшеліктерін және әлеуметтік өзгерістерін бейнелейтін сирек фотоматериалдармен танысты. Дәріс студенттер, магистранттар, докторанттар мен оқытушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Іс-шара Қазақстанның визуалды мұрасын түсіндіру және интерпретациялау мәселелеріне арналған белсенді пікірталаспен аяқталды.