16.10.2026
Бастауыш білім беру кафедрасының кеңейтілген мәжілісі өтеді
2026 жылдың 28 қазанында сағат 14.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультеті Бастауыш білім беру кафедрасында 8D013 – «Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау (6D010200/8D01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі) бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған Есентаева Бакыткуль Усеновнаның «Конструктивистік тәсіл негізінде болашақ бастауыш білім педагогтерін оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыруға даярлау» тақырыбындағы диссертациясы кеңейтілген мәжілісінде талқыланады.
Кафедраның кеңейтілген мәжілісі оффлайн және онлайн форматта өткізіледі.
Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.
Қорғау тілі - қазақ тілінде. Қорғау түрі - диссертация.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:
Нуржанова Сажила Абдисадыковна – педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті филиалының Гуманитарлық-жаратылыстану пәндері кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан);
Озлем Баш – PhD доктор, Хаджеттепе университетінің профессоры (Анкара, Түркия).
РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Искакова Ляйла Маратовна – философия докторы (PhD), ассистент профессор SDU university (Алматы қ., Қазақстан);
Астамбаева Жупат Канапьяновна – философия докторы (PhD), аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
Жумаш Жанара Еркиновна – философия докторы (PhD), аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
ZOOM: https://zoom.us/j/92967358976?pwd=LQc5wcAgjyd4nCN7qHBSob4d8MktFH.1
Идентификатор: 929 6735 8976
Код: 1234
Мекенжайы: Алматы қаласы, Төле би 31, Педагогика және психология факультеті (2-қабат, 13-кабинет).